Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қараша

Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 322-ші күні, жыл соңына дейін 43 күн бар
Sputnik

18 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

18 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін ең танымал мультипликациялық кейіпкер — Микки Маустың туған күні екенін білесіз бе? Ол 90 жасқа толды. Балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Микки Маус 1928 жылы 18 қарашада экранға шықты. Содан бері Микки Маус әлемдегі ең танымал мультипликациялық кейіпкер болып қалып отыр. Ол 120-дан астам мультфильмге түсіп, түрлі кейіпте кішкентай көрермендерін қуантты. Әрі Микки Маустың өзін ойлап тапқан адамға көп марапат әкелгені белгілі. 1932 жылы Уолт Дисней Микки Маус үшін Оскар алды. Бұдан бөлек, бұл мультфильм кейіпкерінің Голливудтегі Даңқ аллеясында 1978 жылы алған өз жұлдызы бар. 

Ал Ресейде бүгін Аяз ата күні атап өтіледі. Оның туған күні нақты қай уақытта ойлап табылғаны белгісіз. Бұрын 18 қараша күз бен қыс арасындағы өтпелі күн болып есептелген. Аяз атаның туған жері болып ресми түрде Устюг (Ресей қаласы) болып танылған. Сондықтан осы жерде мерекеге дайындық мұқият жүргізіледі. Бұл күні арнайы пошта жәшігі ашылады, оған кез келген адам құттықтау хатын салып, туған күн иесіне игі тілектерін жеткізе алады. 

Сондай-ақ, бүгін – құпия ойлап табу мерекесі. Бүгін барлық құпия-сырымызды еске аламыз, мүмкін ұмытып қалған құпияңыз бар шығар. 

18 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар 

1937 жылы Парижде фашисттік қастандықтың беті ашылды;

1989 жылы Чехословакияда барқыт революциясы басталды; 

1995 жылы Ватикан рухани лауазымдарды әйелдерге беру туралы тыйымды бекітті. 

18 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1999 жылы Астана көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді; 

1999 жылы Қарағанды облысы Ульянов елді мекенінде Бұқар жырауға ескерткіш орнатылды; 

2009 жылы Қазақстанның Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет министрлігінің Федералдық тергеу бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

18 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1828 жылы Даун синдромын ашқан генетик Джон Даун дүниеге келді;

1920 жылы кеңес футболисі және жаттықтырушысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Константин Бесков дүниеге келді;

1927 жылы кеңес және ресей кинорежиссері, ақын, драматург, педагог, профессор, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты Эльдар Рязанов өмірге келді;

1969 жылы ресей әншісі, "Иванушки International"  тобының бұрынғы мүшесі Олег Яковлев өмірге келді. 

18 қарашада Қазақстанда кім туды

1944 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері Қуаныш Алпысбеков дүниеге келді; 

1945 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Қорлан Қалиламбекова дүниеге келді; 

1963 жылы палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Тұрлыханов дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай балықтар белгісінде орналасады. Кармаңызды тазартып, созылмалы аурулармен күресу үшін қолайлы күн. Сонымен қатар, бүгін ішкі органдарды тазалауға болады.