АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин елдегі жағдайға алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Деніс менің інім болатын, әлі күнге дейін жоқтап жүрмін, ойымнан кетпейді. Бұл жайында дұрыстап ойланып, күрделі мәселелерді шешу керек. Өкінішке қарай, бұл өмір. Қауіптің қай жақтан келерін ешкім алдын ала болжай алмайды. Мемлекет те халықтың қауіпсіздігін ойлауы керек", — деді Ильин Sputnik Қазақстан алаңында өткен баспасөз мәслихатынан кейін.
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза болған еді. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады. Үш литр қан жоғалтқан спортшы кешкі бес жарымда ауруханада көз жұмды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды.
Сондай-ақ, 12 қараша күні Семейде көмір разрезінде дзюдошы Жасұлан Әбиев ауыр жарақат алып көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, көмір кезегінде төбелес болған.