Қоғам

Қазақстанда алдағы үш күнде 42 градус аяз болатыны рас па?

Синоптиктер қазақстандықтарды алдағы күндері оңтүстікте күшті аяз болмайды деп тыныштандырды
Sputnik

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнде   42 градусқа дейін аяз болатыны туралы мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Қараша айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Бұл 2018 жылдың 23 қаңтарында шыққан жаңалық. Сол кезде осындай ауа райы болжамы жасалған", — деп түсіндірді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, 15-17 қараша күндері Қазақстанда ауа температурасы шамалы көтеріліп, суық болады, қар-жаңбыр жаумайды. Тек солтүстік аймақтарда ғана қар жауып, бұрқасындатады.

Бұрын хабарлағанымыздай, қараша айында орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады, тек Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан бір градусқа төмендейді деп болжанып отыр.