АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті 2019 жылды жастар жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жарлықтың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жыл жастар жылы деп жарияланып отыр. Қазақстан үкіметі жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдауы қажет.
Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президенті әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.