АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қытайда бейнебақылау камерасы жаяужолда келе жатқан әйелдің жер астына түсіп кеткен сәтін түсіріп алды. Видеоны CGTN арнасы жариялады.
Оқиға жексенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болған.
Кадрда жаяужол алдымен шөгіп, содан кейін бірнеше метрге төмен опырылып түскені көрінеді.
Түркияда асфальт опырылып түсіп, екі әйел астында қалды
Жәбірленушіні шұңқырдан құқық қорғау органдарының қызметкерлері шығарып алды. Дәрігерлер оның қабырғасы сынғанын анықтады, деп хабарлады CGTN.