Өңірлер

Ертеңге ауа райы болжамы: Астанада Алматыдан гөрі күн жылырақ болады

14 қарашада Алматыда ауа температурасы минус 9 градус болса, Астанада 7 градус аяз болмақ
Sputnik

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері хабарлағандай, Қазақстанның солтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерде аздап қар жауады.

Бірақ еліміздің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, 14 қарашада Қазақстанда кей жерде тұман түсіп, республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде жел тұрып, бұрқасындатады.

Жамбыл облысында кей жерде тұман, бұрқасын, күндіз желдің екпіні 20 м/с.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Қызылорда мен Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с, Түркістан облысында кей жерде тұман түседі.

Бұдан бөлек, Павлодар облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Қазақстанның шығысында кей жерде бұрқасындатады. 

Gismeteo.kz порталының мәліметінше, 14 қарашада ауа температурасы түнде минус 17 градус, күндіз минус 7 градус болады. Көшпелі бұлт шығып, аздап қар жауады.

Алматыда түнде минус 18 градус, күндіз ауа температурасы 9 градус аяз, бірақ күн ашық болады.

Шымкентте түнде минус 6 градус, күндіз 5 градус жылы болады, күн ашық әрі жайма шуақ.