Өңірлер

Қазақстанда 13 қарашада ауа райы қандай болады?

Қар, тұман, қатты жел мен көктайғақ: сейсенбіге ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда 13 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

Метеорологтардың хабарлауынша, республикада кей жерде қар жауып, батыс пен солтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Бұдан бөлек, кей жерде тұман түсіп, жел ұйытқиды, еліміздің солтүстігінде жолда көктайғақ болады.

Түркістан облысында кей жерде тұман, желдің екпіні 20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде, таңертең Алматы және Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі, Жамбыл облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында, түнде Атырау және Ақмола облыстарында, күндіз Қызылорда облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Қараша айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің ескертуінше, Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ болады.

Gismeteo.kz порталының мәліметіне сүйенсек, сейсенбі күні түнде ауа температурасы минус 17 градус, күндіз — минус 11. Күн ала бұлтты, аздап қар жауады.

13 қарашада ауа температурасы түнде минус 14 градус, күндіз — минус 8, қар жауады.

сейсенбі күні түнде ауа температурасы минус 5 градусқа дейін төмендесе, күндіз плюс үш градусқа жылиды. Сонымен бірге жауын-шашын түсуі ықтимал.