АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Қырғыз Республикасының Халық әртісі, композитор Мұратбек Бегалиев Димаш Құдайбергенді 2013 жылы Қырғызстанда өткен байқауда алғаш көргенде қандай пікірде болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бірнеше жыл бұрын Қырғызстанда Ыстықкөлде өте жақсы "Мейкин Азия" фестивалін өткізді. Сол жерде Димаш Құдайберген алғаш рет гран-при жеңіп алды. Фестивальге 16-18 елдің өнерпаздары қатысқан болатын. Бүгінде оны бүкіл әлем біледі, ол қазір прима-әнші деп айтуға болады. Мен қазылар алқасының төрағасы болған едім, шынын айтсақ, біздің қуанышымызда шек болмады — көптен бері мұндай дауысты естімеп едік", — деп бөлісті Sputnik Қазақстан тілшісімен Бегалиев Астанада "Шабыт" халықаралық фестивалінде.
Қырғызстанда өткен фестивальге Димаш Құдайберген 2013 жылы қатысты. Ал үш жылдан кейін ол Қытайдағы I am singer байқауында жарқ етіп, өнерсүйер қауымды өзінің керемет даусымен тәнті еткен еді.
Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры, профессор Мұратбек Бегалиев жас талант Димашты мақтан тұтатынын жеткізді.
Мұратбек Бегалиев - Қырғыз Республикасының халық әртісі
© Sputnik / Владислав Воднев