Қоғам

Қазақстанның жартысын аяз қысып тұр: алдағы уақытта ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, жел күшейеді, бұрқасындатып, аяз түседі деп болжайды
Sputnik

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Қазақстанның солтүстігі мен шығысын, сондай-ақ орталығын бүгін аяз қысып тұр.   

Бұл өңірлерде ауа температурасы нөлден 12-23 градусқа дейін төмендеді.

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы уақытта да ауа райы жауын-шашынды болады, еліміздің оңтүстік шығыс жартысы мен батысында жел күшейіп, бұрқасындатады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.   

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде – көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Астанада 20 градус аяз болады.

Алматыда ауа температурасы 4 градусқа дейін жылиды.

Шымкентте +4 градус болады.