АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Дүйсенбі, 12 қараша кей өңірде қалың қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Қазақстан аумағында кей жерлерде жауын-шашын, негізінен қар жауады, оңтүстік-шығыста қалың қар түседі. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, қатты жел соғады", — деп хабарлайды синоптиктер.
12 қарашада өңірлерде қандай ауа райы болады?
Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші — 15-20 м/с.
Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Атырау облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында кей жерде қатты жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, көктайғақ, күндіз боран соғады.
Павлодар облысында кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады, бұрқасындатады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі.
12 қарашада республикалық маңыздағы қалаларда ауа райы қандай болады?
Астанада кішкене күн жылынады, ауа температурасы 8-10 градус аяз болады.
Алматыда 5 градус аязға дейін күн суиды.
Шымкентте де күн салқындайды, ауа температурасы 5-8 градус нөлден жоғары.