АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. ПСЖ және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Гиннесс рекордтар кітабына екі рет енді.
L`Equipe мәліметінше, 19 жастағы форвардтың Гиннесс рекордтар кітабына енуіне бір себеп — Чемпиондар лигасындағы ең жас гол авторы атануы. Ол жартылай финалда "Монако" сапында жүріп "Ювентуске" гол соққан болатын. Ойыншы бұл кезде 18 жаста болды.
Сонымен қатар, Мбаппе – "Алтын допқа" үміткер атанған ең жас номинант. Бұл тізімге ол 2017 жылы 9 қазанда өзінің 18 жасында ілікті, деп жазды prosports.kz.
CIES Football Observatory зерттеу орталығы бойынша Килиан трансферлік құны 216,5 миллион еуро құрайтын әлемдегі ең қымбат футболшы болып танылды.
Мбаппе ПСЖ-дан 55 миллион еуро жалақы және жеке ұшақ сұраған.