ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша — Sputnik. Биыл үздік әйел рөлі үшін Канн кинофестивалінің жүлдегері атанған қазақстандық актриса Самал Ельямова Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы ірі туристік көрмеге қатысу үшін туған қаласы Петропавлға келді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлады.
Самал Еслямова осы көрмені көргісі келгенін атап өтті.
"Мені шақырғанына қуаныштымын.Мұндай деңгейдегі іс-шара алғаш рет өткізіліп отырған туған өлкемді қолдауға әрқашан дайынмын. Бұл шын мәнінде тарихи оқиға. Қай елге барсам да: "Қазақстанға келіңіздер, ғажайып әрі бір-біріне мүлде ұқсамайтын орындар көп. Біздің еліміздің ұлан-байтақ даласына саяхаттаңыздар, сонда оның сан алуан екенін көзбен көріп, сезінесіздер" деп айтып жүремін", — деген Еслямова форум өте жақсы нәтиже беріп, Қазақстан туристер үшін одан да тартымды бола түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, актриса жанға жайлы Петропавлды қатты жақсы көретінін айтты.
"Өз бояуы, өз ерекшелігі бар… Бұл ортаны ұмыту мүмкін емес", — деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық актриса Самал Еслямова биыл "Айка" фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінде марапат алды. Сонымен қатар, ол Анталиядағы 55-ші халықаралық кинофестивалде "Үздік актриса" номинациясын иеленді.
Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі Қазақстан атынан "Оскар" киножүлдесіне ұсынылды.