Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қараша

Бұл – Григориан күнтізбесінде 314-ші күн. Жылдың соңына дейін 51 күн бар
Sputnik

10 қарашада не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

10 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік жастар күнін 73-ші рет атап өтеді. Мереке 1945 жылы 10 қарашада Лондонда өткен Жастардың дүниежүзілік конференциясында өмірге келді. Бұл күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясы құрылды. Оның өкілдері мереке құрып, оны мәдени іс-шаралармен, ғылыми конференциялармен, көрмелермен және түрлі флеш-мобтармен тойлау туралы ұсыныс жасады. 

Бүгін сондай-ақ әлемнің барлық есепшісі өз кәсіби мерекесін атап өтеді. 1494 жылы Лука Пачиоли Венецияда "Арифметика, геометрия және пропорция туралы мағлұматтар" атты кітабын шығарып, соның бір тарауын бухгалтерияға арнады. Осылайша Пачиоли "бухгалтерияның әкесі" атанды.

Сондай-ақ, бүгін – Ақ-қара түсті фильм көру күні. Мереке ашық түстер қолданылмайтын фильмдерді көруге арналған. Бұл күні "Рим каникулдары", "Алтын безгек", "Көктемнің он жеті сәті" секілді фильмдерді көруге болады. Немесе Чарли Чаплин мен Мэрилин Монроны еске түсіріңіз. Ақ-қара түсті кино – ешқашан сәннен шықпайтын классика. 

10 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:

1933 жылы Бунин әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды;

1939 жылы АҚШ-та алғаш рет салқындатқышы бар автокөлік таныстырылды;

1939 жылы Канада Германияға соғыс жариялады;

1982 жылы "Наутилус Помпилиус" рок-тобы құрылды;

1983 жылы алғашқы компьютерлік вирус жасалды. 

10 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1940 жылы кирилл графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жасалды;

1991 жылы Алматыда Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады;

1991 жылы Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика халқына Ант берді;

1991 жылы Елбасының "Алмас қорын құру туралы" Жарлығы жарық көрді.

2004 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қосағаш ауылында жаңа мешіт ашылды;

2010 жылы Галина Гольдорфтың жетекшілігімен Қостанай музыкалық мектебінің "Илигай" балалар хоры бүкілресейлік "Волга жұлдыздары" байқауының Гран-при иегері атанды. 

10 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:

— 1483 жылы христиан теологы, Реформацияның бастамашысы, Библияны неміс тіліне аударғандардың бірі Мартин Лютер дүниеге келді. Протестанттық бағыттардың бірі оның атымен аталған; 

— 1801 жылы орыс ғалымы, жазушы және лексикограф, "Жанды орыс тілінің түсіндірме сөздігін" құрастырушы Владимир Даль дүниеге келді;

— 1966 жылы Ресейдің театр және кино актері Камиль Ларин дүниеге келді. "Квартет И" комедиялық театрының негізін қалаушылардың бірі;

— 1975 жылы ресейлік журналист, тележүргізуші және продюсер Тина Канделаки дүниеге келді. 

10 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді:

— 1909 жылы сәулетші, сәулет өнері ғылымының профессоры,  Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Малбағар Меңдіқұлов дүниеге келді; 

— 1928 жылы жазушы Нұтфолла Шәкенов дүниеге келді; 

— 1952 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Рахымбек Мамырбаев дүниеге келді. 

1956 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Майра Айсина дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Әдеттен тыс нәрсемен шұғылданыңыз, нәтиже сізді таңғалдырады, мүмкін жаңа хобби табарсыз. Кез келген қолөнер жүйке жүйесiне жақсы әсер етедi, болашақта мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін шыдамдылық пен қажырлықты шыңдайды.