Әлем

Жолаушылар ұшағы бағанаға соғылып қалды

Индонезияның халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы бағанаға соғылды
Sputnik

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Индонезияның Бенкулу провинциясында жолаушылар ұшағы әуежайдағы жарық бағанасына соғылып қалды, деп хабарлайды The Jakarta Post.

CІМ ұшақ апатынан қаза тапқандар ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтады

Boeing 737-900 ER ұшағы Джакарта маңындағы Сухарно-Хатта халықаралық әуежайынан ұшып шығуға тиіс болатын. Алайда ұшақтың қанаты бағананы қағып кеткендіктен, рейсті кейінге қалдыруға тура келді. Тергеу жүргізу үшін ұшқыш пен экипаж мүшелерін де рейстен алып тастаған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бастапқы болжам бойынша, оқиғаға диспетчердің қате нұсқау беруі себеп болған. Болған жайттың анық-қанығын білу үшін әуежайдың диспетчер қызметкерлерінен де жауап алынды.

Айта кетсек, ұшақ Lion Air компаниясына тиесілі. Бұл компанияның Boeing 737 Max 8 ұшағы Ява аралының жағалауында теңізге құлаған еді.