Спорт

Андрей есімді жанкүйерлер "Қайраттың" матчын тегін көре алады

Қазақстандық футбол клубы ресейлік спортшының кетуіне байланысты акция өткізіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. "Қайрат" – "Шахтер" кездесуі Андрей Аршавиннің қазақстандық клубтағы соңғы ойыны болады.

Аршавиннің кетуіне байланысты "Қайрат" "Сәлем, Андрей" акциясын іске қосты.

Аршавин "Барселонада" ойнайтын болды

Сонымен, Андрей есімді жанкүйерлер матчқа тегін кіре алады. Ол үшін Орталық стадионның кассасында жеке куәлікті көрсету керек.

Еске сала кетейік, "Қайраттың" ойыншылары "Шахтермен" кездесетін күні, яғни 11 қарашада Андрей Аршавинді шығарып салу салтанаты өтеді.

Футбол клубының порталында хабарланғандай, ресейлік спортшы "Қайраттың" құрамында үш маусымда жүзден астам матч өткізіп, 30 гол соқты және 37 нәтижелі доп берді.

Ол клубпен бірге үш рет ел чемпионатының күмісін, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын жеңіп алды. 

Бұған дейін Sputnik ресейлік футболшы Қазақстан мен қазақстандықтар туралы туралы жазған болатын.