АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Қостанай полициясы 30 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған 35 жастағы Елена Войтенконы бір аптадан бері іздеп жатыр. Оның қайда екені әлі беймәлім.
Қостанай полициясы Оңтүстік бөлімінің мәліметі бойынша, Елена Войтенко 9 шағын аудандағы пәтерінен шығып, содан бері оны ешкім көрмеген. Жас әйелдің телефонына қоңырау шалып көргенмен, еш нәтиже бермеді, деп хабарлайды "Костанайские новости".
Елена Войтенко
© Photo : Қостанай облысы полиция департаменті
Елена Войтенконың сырт келбеті: бойы 170-172 сантиметр, дене бітімі арық, сары шашты. Сарғыш түсті ұзын пальто, қара леггинс киген.
Әйел адамның қайда екені туралы білетін жандарға келесі нөмірлерге хабарласуға өтініш айтылды: +7 702 492 99 92, +7 747 655 21 63, +7 (7142) 52-68-61, +7 (7142) 52-68-50 (кезекші бөлім), немесе 102.