АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Astana Hub технопаркіне барғанда мемлекет басшысы қазақстандық стартап-компаниялардың жобаларымен танысып, IT саласындағы кәсіпкерлермен әңгімелесті.
Стендтердің бірінде тіл меңгерудің тиімділігін арттыратын жобаның шағын презентациясы көрсетілген соң Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа көмектесуді сұрады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от AkordaPress (@akordapress) 6 Ноя 2018 в 9:31 PST
"Премьер-министр қазір ағылшын тіліне ден қойып үйреніп жүр. Көмектесіңдерші", - деді Елбасы езу тартып.
Кәсіпкерлер мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға уәде берді.