Саясат

Назарбаев пен Путин Қазақстанда кездеседі

8-9 қараша күндері ҰҚШҰ саммиті және Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысы өтеді
Sputnik

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Ертең Астанада ҰҚШҰ саммиті, арғы күні Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы XV форумының пленарлық отырысы өтеді, іс-шаралар аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин жеке кездеседі.

Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мемлекет басшылары деңгейінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің отырысы және сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 8 қараша күні Астана қаласында өтеді деп хабарлаған болатын.  

Назарбаев пен Путин не туралы сөйлесті?

"Ертең және бүрсігүні (президент) Путин Қазақстанда Астана мен Петропавлда жұмыс істейді. ҰҚШҰ саммитіне қатысып, президенті (Нұрсұлтан) Назарбаевпен жеке кездесу өткізеді, содан кейін Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысына барады", —деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.   

Ол мұндай форматтағы кездесулер тиімділігін көрсеткенін және қатысушылар оған үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті, деп жазды РИА Новости. 

Қазақстан мен Ресей аймақаралық  ынтымақтастығының он бесінші форумы Петропавлда 9 қарашада өтеді. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ресейлік серіктестермен белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.