7 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз
7 қарашада әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін Ресейде Октябрь революциясы күні атап өтіледі. Мереке 1918 жылдан тойланады. Бұл күні Мәскеудегі Қызыл алаңда, сонымен қатар КСРО-ның облыстық және өңірлік орталықтарында еңбекші халықтың шеруі мен әскери парадтар өтетін. Соңғы әскери парад Қызыл алаңда 1990 жылы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ бүгін айықтырғыштың туған күні. Патшалық Ресейде 1902 жылы бұл күні дәрігер Федор Архангельскийдің бастамасымен алғашқы айықтырғыш ашылған болатын. Оны «мас болғандардың панасы» деп атады. Оның ашылуында дәрігер қоғам мен билікті маскүнемдікпен күресуге шақырды. 2012 жылы Ресейде соңғы айықтырғыштар жабылды, бірақ мереке қалған.
Бүгін Қырғызстанда ақпарат және баспасөз күні. 1924 жылы 7 қарашада «Эркин-тоо» ұлттық газетінің бірінші саны жарық көрген, осы датаға орай Қырғыз Республикасы үкіметінің 1993 жылғы 1 қарашадағы қаулысымен кәсіби мейрам болып бекітілді.
7 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1949 жылы әлемдегі ежелгі мұнай тұғырнамасы "Мұнай тастарында" тұңыш мұнай өндірілді;
1990 жылы темір ұстасы Александр Шмонов мерекелік шеруде Михаил Горбачевқа оқ атты;
2007 жылы Финляндияның Йокела қаласында 18 жастағы оқушы сыныптасын, мектеп медбикесі мен лицей директорын атып өлтірді.
7 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1931 жылы Қарағандыда алғашқы радиобағдарламалар шыға бастады;
1934 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Қыз Жібек" опералық шығармасының алғашқы қойылымы өтті.
1963 жылы Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжановтың ұйымдастыруымен Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының "Жас тұлпар" мәдени-ағарту ұйымы ашылды.
7 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар
1867 жылы атақты француз физигі және химигі, Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты Мария Склодовская-Кюри дүниеге келді;
1879 жылы кеңестік партия және мемлекеттік қайраткері Лев Троцкий өмірге келді. Шын фамилиясы Бронштейн. 1917 жылғы Октябрь революциясын ұйымдастырушылардың бірі;
1913 жылы француз жазушысы және философы, Нобель сыйлығының лауреаты Альбер Камю дүниеге келді;
1945 жылы кеңес және ресейлік диктор және тележүргізуші Евгений Кочергин дүниеге келді.
7 қарашада Қазақстанда кім туды
1923 жылы профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі Гарай Сағымбаев дүниеге келді;
1935 жылы Қазақстан Республикасының бас онкологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаңалық Әбдірахманов дүниеге келді;
1939 жылы ғалым,профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Оздоев дүниеге келді;
1955 жылы генерал-майор, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері Владимир Жұмақанов дүниеге келді.
1944 жылы Қазақстанның спорт шебері, самбодан Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жаһит дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай шаян белгісінде орналасады. Жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ, барлығының көңілінен шығатын жол таба біліңіз. Қазір аспан айналып жерге түскендей болып көрінгенімен, уақыт өте келе, бұл күнді күлкімен еске алатын боласыз. Ұзақ мерзімді жобаны бастауға өте қолайлы уақыт.