Өңірлер

Алматыда көлік көпірден ұшып, өзенге құлап кетті

Үш адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Жол апаты Сәтпаев көшесінде Есентай өзенінде болған.

Теміртаудағы жантүршігерлік жол апаты: өлім аузынан қалған қыз есін жиды

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Camry 10 мен Toyota Camry 50 Сәтпаев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатады.

Неге екені белгісіз, Toyota Camry 50 Toyota Camry 10 көлігін артынан соққан. Cодан соң жүргізуші көлікті оңға бұрып, бордюрге шығып кетті де, металл қоршауды бұзып, өзенге құлап түсті.

Көлік жеті-он метр биіктіктен құлап, аударылып қалған.

Оқиға салдарынан Toyota Camry 50 көлігінде болған төрт адам зардап шекті. Олардың үшеуі ес-түссіз ауруханаға жеткізілген.

1 / 3
Көлік көпірден құлап кетті
2 / 3
Көлік көпірден құлап кетті
3 / 3
Көлік көпірден құлап кетті

Жол апаты орнында мән-жайды анықтап жатыр.