АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "Электронды үкімет" e.gov.kz порталында өткен интернет-конференцияда "Абу-Даби Плаза" нысанының құрылысы қашан аяқталатынын айтты.
Қала басшысының айтуынша, сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені – 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені – 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады деп жоспарлануда.
Осы мерзімде 1 кеңселік ғимарат та берілуі тиіс. Ал 2 кеңсе ғимаратын 2020 жылдың 30 сәуірінде, сервистік апартаментті 2020 жылдың 28 ақпанында пайдалануға беру жоспарланған. Биік көпфункционалды кешеннің пайдалануға берілетін мерзімі – 2020 жылдың 30 маусымы, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Абу-Даби Плазада" істейтін төрт компанияның жұмысшылары Бас прокуратураға шағымданды
Форумға қатысуға ниет білдіргендер e.gov.kz сайтына ("Ашық диалог" — Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы) кіре алады.