АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Миастенияға шалдыққан аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Мақсат Өміртаевтың еміне қажетті сома небәрі бірнеше сағат ішінде жиналды.
Миастения кезінде адамның бойын әлсіздік билеп, баспалдақпен көтерілу қиындайды, адам қолын жоғары көтеріп, тұра алмайды. Бұл ауру 20-40 жас аралығында байқала бастайды. Дәрігерлер қазір аутоимунды жүйке-бұлшықет ауруына шалдығатындар саны көбейіп бара жатқанын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Maksat Omirtaev (@omirtaevmma) 26 Сен 2018 в 6:40 PDT
Миастения туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Жас спортшы сирек кездесетін аурумен ұзақ уақыт бойы өзі күрескен, алайда жақында денсаулығы нашарлап, аралас жекпе-жек федерациясынан көмек сұрауына тура келді.
Чемпионға қымбат ем қажет – құны 900 мың теңгеге жуық (Ұлттық банктің бағамы бойынша 2 420 доллар).
Федерация президенті Асылбек Дүйсенов мәлімдегендей, емнің алғашқы кезеңіне қажеті сома санаулы сағаттың ішінде жиналған.
"Алда әлі талай ем қабылдауы керек, сондықтан әзірге қанша ақша қажет болатынын білмейміз. Қол ұшын созып, қолдау білдірген барша жандарға ризашылығымызды айтамыз! Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын! Мақсаттың анасы да сіздерге алғысын айтып жатыр", - деп жазды федерацияның ресми парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Maksat Omirtaev (@omirtaevmma) 13 Июл 2018 в 4:08 PDT
Мақсат Өміртаев туралы не білеміз?
Мақсат Өміртаев Теміртау қаласында дүниеге келген. Аралас жекпе-жектен Қазақстан кубогының иегері. Қазір жасы 25-те, жартылай орта салмақта сынға түседі. Спорттық мансабын 2015 жылы бастаған. WEF және JFC турнирлеріне қатысқан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Maksat Omirtaev (@omirtaevmma) 25 Янв 2017 в 11:49 PST
Алматыда 2017 жылы өткен қысқа Универсиадада Қарағанды облысынан алғаш болып алауды ұстап жүру құрметіне ие болған.