Қоғам

Астана әуежайы кеден бекетінің басшысы парамен ұсталды

Сот санкциясымен күдікке ілінген лауазымды тұлғалар қамауға алынды
Sputnik

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Контрабандалық жолмен тасымалданатын зергерлік бұйымдарды кеденнен өткізіп жіберу үшін пара алған үш адам ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Саттарова айтты, деп хабарлайдытілшісі.

Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары не үшін ұсталғаны белгілі болды

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, "Әуежай Астана" кеден бекетінің басшысы және осы бекеттің бас маманын ұстады", — деді Жанна Саттарова брифинг барысында. 

Олар контрабандалық жолмен тасымалданатын зергерлік бұйымдарды кеденнен өткізіп жіберу үшін жеке тұлғалардан пара алды деген күдікке ілінді. 

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.