Әлем

"Әйтпесе, актриса болмайсың". Белгілі продюсер жас қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Польшалық модель 16 жыл бұрынғы оқиғаны айтып, Харви Вайнштейнді сотқа берді
Sputnik

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Есімін құпия сақтауды жөн көрген поляк моделі 16 жасында кинопродюсер Харви Вайнштейннің жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болғаны туралы мәлімдеді.

Белгілі актер жасөспірімді азғындағаны үшін қамауға алынды

Оқиға 2002 жылы болған, деп жазады РИА Новости New York Post басылымына сілтеме жасап. Ол кезде актрисалық мансабын енді ғана бастаған бойжеткен Вайнштейнмен түскі ас ішуге барады, алайда продюсер оны үйіне апарып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей бастаған. Бірақ жас қыз бас тартады. Ал Вайнштейн "әйтпесе, актриса болмайсың" деп қорқытып, арам ойын іске асыруға тырысыпты.

Осы жайтқа қарамастан, жас модель продюсермен өзінің болашағы туралы сөйлесуді жалғастырған.

Бұдан бұрын Голливудтің атақты кинопродюсерлерінің бірі Харви Вайнштейнді ондаған актриса жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айыптады, олардың арасында Анджелина Джоли, Ума Турман және Эшли Джадд сынды жұлдыздар бар. Осы айыптаулардан кейін Вайнштейн өз компаниясынан жұмыстан қуылып, Нью-Йорк билігі продюсерге қатысты тергеуді бастады. Бір топ әйел Вайнштейн мен оның компаниясының өкілдеріне ұжымдық арыз жазып, сотқа берген.