Оқиға

Алматы облысында әйел басындағы битін тазалаймын деп қызын өлтіріп алды

Дәріден уланған тағы бір бала бүгін ауруханадан шықты
Sputnik

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Алматы облысында анасы 2 жасар қызының басына битке қарсы дәрі жағамын деп өлтіріп алды, деп хабарлайды тілшісі. 

Хэллоуин қарсаңында бес айлық қызды асқан қатігездікпен өлтіріп кетті

Талғар ауданы Туғанбай ауылында отбасы мүшелері малға жағатын дәріден уланған 2013 және 2016 жылғы екі қызды ауылдық дәрігерлік амбулаторияға алып барады. Сол жерде балалардың жағдайы бұрынғысынан бетер нашарлап кеткендіктен, олар Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізіледі. Екі жастағы қыз ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

"25 қазан күні сағат 12:45-те жедел жәрдем бригадасы Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 5 жасар қызды алып келді. Дәрігерлер балаға неоцидолдан қатты уланған деген диагноз қойды.

Анасы бастарындағы биттерді кетіру мақсатында қыздарының басына неоцидол препаратын сумен араластырып жаққан. Осыдан кейін балалар құсып, қатты әлсіреп кеткен", — деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Тағы оқыңыз:

Дәрігерлер өмірін аман алып қалған бала 31 қазанға дейін анестезиология, жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылып, бүгін ауруханадан шығарылды.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған қайғылы жағдайға қатысты 104-бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Қажетті барлық сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.