Өңірлер

Қазақстанның шығысында үш баласымен жоғалып кеткен әйел табылды

Полицейлер Зырянда үш қызымен жоғалып кеткен әйелді танысының үйінен тапты
Sputnik

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Ирина Судакова, оның екі қызы және бұрынғы күйеуінің қызы қала іргесіндегі ауылда тұратын танысының үйінен табылды. 

Төрт ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірімге қатысты суыт хабар жетті
Ирина Судакова 8 бен 11 жас аралығындағы үш қызбен бірге 27 қазанда Зырянда жоғалып кеткен болатын. Анықталғандай, олар бірнеше күн бойы қала маңындағы ауылда танысының үйінде қонақта болған, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арыз түскеннен кейін бірнеше сағаттан соң әйелдің мекенжайын анықтады. Ең алдымен, полицейлер Ирина Судакованың таныстарын тексере бастаған. 

"Белгілі болғандай, әйел Чапаево ауылында тұратын танысына қонаққа кеткен. Ұялы телефонын үйде ұмытқандықтан, жақындарымен байланысқа шыға алмаған", — деп түсіндірді Зырян полиция бөлімі бастығының орынбасары Рустам Надыров. 

Қазіргі таңда әйел үйіне оралып, жақындарымен қауышты.