Қоғам

CІМ ұшақ апатынан қаза тапқандар ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтады

Lion Air әуе компаниясының ішкі рейсті орындайтын ұшағы бүгін Индонезияның батыс жағалауында теңізге құлады
Sputnik

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады. 

"Индонезияның төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ", — деді Смадияров.

Индонезияда 189 адам мінген жолаушылар ұшағы құлады
Бұған дейін хабарланғандай, апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 189 адам болған, оның ішінде экипаждың жеті мүшесі бар. 

Дүйсенбі күні таңертең Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 ұшағымен 13 минуттан кейін байланыс үзілген. Тағы бірнеше минуттан кейін теңіздегі азаматтық кемелерден Батыс Ява жағалауынан ұшақтың сынықтары табылғаны туралы ақпарат түсті.