Қоғам

ҰҚК мен Бас прокуратураға интернетті бұғаттауға рұқсат етілді

Бірақ үкіметтік және президенттік байланыс құралдары бұғатталмайды
Sputnik

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Қазақстанда бірнеше мемлекеттік органға төтенше жағдай кезінде желі мен байланыс құралдарын бұғаттауға рұқсат етілді. 

Үкімет қаулысына тиісті өзгертулер енгізілген.

Қазақстанда есірткі жарнамалайтын 845 сайт анықталған

Қазақстанда интернет қашан бұғатталады?

Бұдан былай елімізде қауіп төнгенде немесе әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілгенде желі мен байланыс құралдарының қызметі тоқтатылуы мүмкін.

Бірақ үкіметтік және президенттік байланыс құралдары бұғатталмайды.

Интернетті кім бұғаттайды?

Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігіне желі және байланыс құралдарын пайдалануда басымдыққа беріліп, бұғаттау құқығына ие болды.

Бұдан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдегендей, бұл қазақстандықтарды үнемі аңдып отырады деген сөз емес, себебі "еліміздегі қауіпсіздік жүйелері азамат өзін қауіпсіз сезініп, алаңсыз жұмыс істеуіне бағытталған".