Әлем

Индонезияда 189 адам мінген жолаушылар ұшағы құлады

Lion Air ұшағының сынықтары теңіз жағалауынан табылды
Sputnik

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Lion Air әуе компаниясының ішкі рейсті орындайтын ұшағы Индонезияның батыс жағалауы аумағында теңізге құлады, деп хабарлады РИА Новости.

Әуеде бүйірлеп қалған ұшақты қондырған ұшқыштар елді тәнті етті – видео

Дүйсенбі күні таңертең Джакартадан Суматра аралына бағыт алған ұшақпен 13 минуттан кейін байланыс үзілген.

Тағы бірнеше минуттан кейін теңіздегі азаматтық кемелерден Батыс Ява жағалауынан ұшақтың сынықтары табылғаны туралы ақпарат түсті.

Кейбір мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 189 адам болған.  

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ Атлант мұхитына құлаған болатын. Ұшақ бортында үш жолаушы болған. Жағалау күзеті ұшақтың сынығы мен бір жолаушының денесі табылғанын хабарлады.