Әлем

Еврей ғибадатханасындағы қанды қырғын: қаза болғандардың саны 11-ге жетті

БАҚ мәліметінше, күдікті еврейлерді қас көретінін жасырмаған, ол әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазып отырған
Sputnik

АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы синагогада атыс ашқан америкалыққа прокуратура 11 адамды өлтірді деген айып тақты. 

РИА новости басылымының хабарлауынша, қазір федералдық тергеу бюросының агенттері 46 жастағы қылмыскер Роберт Боуэрстың пәтерінде тергеу шараларын жалғастырып жатыр.

Ер адам Питтсбургтегі Tree of Life ("Өмір ағашы") синагогында сенбі таңертең атыс шығарған. Қастандық салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы алты адам, оның ішінде төртеуі полицей жараланды.

Атыс кезінде полицейлер қаскөйді де жаралады. Штаттың қадағалау органы Боуэрске қатысты 29 тармақ бойынша айып тағып отыр.

Associated Press хабарлауынша, Боуэрс әлеуметтік желіде нәсілшілдік сипаттағы пікірлерімен белгілі. Ғибадатханада қанды қырғын жасаған америкалық еврейлерді жақтырмайтынын жасырмаған.