АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы Алматы-Астана пойызында төбелес шығарғандар қазақстандық клубтардың бірінің ойыншылары деген ақпаратқа қатысты ресми хабарлама таратты.
"Бұл адамдар футбол клубтарының бірінің жанкүйерлері, олар Қарағандыға өз жұмыстарымен бара жатқан. Олар кәсіби футболшылар емес", — деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Қазан айының басында желіде тараған видеода арақ ішіп алған жолаушылардың купенің ішін қиратып, полицейлермен жанжалдасқаны түсіп қалған видео тарады. Оны түсірген адамдар бұзақылардың қазақстандық клубтың ойыншылары екенін хабарлаған.
Кейін көлік полициясының қызметкерлері қоғамдық орында ішімдік ішу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Жолаушылардың бірі 5 айлық есептік көрсеткіш (12 025 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс деген шешім шығарылды.