АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Қазан айының соңғы жексенбісінде Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі. Күн құбылмалы болып, жауын-шашын түседі, жел ұйытқып, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/c.
Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/c, таңертең және күндіз ұйытқуы 23-28 м/c. Оңтүстік-батысында жел қатты соғып, жылдамдығы 30 м/c жетуі ықтимал.
Түркістан облысында да ауа райы осындай болады.
Қызылорда облысында да ауа райы құбылмалы, желдің екпіні 18-23, ұйытқуы 30 м/c.
Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарында желдің екпіні 15-23 м/c.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман және көктайғақ болады. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында тұман ғана түседі, СҚО-да желдің екпіні 23-28 м/c.
Шығыс Қазақстанда да желдің екпіні сондай.
Жауын-шашын батыс өңірден басқа еліміздің бүкіл аумағында түседі.
Gismeteo.kz порталының хабарлауынша, Астанада жексенбі күні ауа райы 15 градус жылы, жаңбыр жауып, күн бұлтты болады. Алматыда көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, ауа температурасы 22 градус нөлден жоғары. Шымкентте жаңбыр, көшпелі бұлтты, ауа температурасы 29 градус жылы.