29 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
29 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін халықаралық мереке – инсультпен күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2004 жылы инсультті мүгедектік пен адам өлімінің басты себептерінің бірі және жаһандық эпидемиянің ретінде анықтады. Қазіргі уақытта адам өлімінің жартысынан астамы түрлі қан тамырлары ауруынан болады және осы аурулардың 20%-дан астамына адам еңбекке қабілетті жасында шалдығады. Бұл дертпен ауырған адамдардың 30%-ға жуығы көмекке зәру. Ежелден дұрыс тамақтану инсульттің басты алдын алу жолы болып саналады. Бүгінде бұл мәселені шешуде ақпараттық-профилактикалық іс-шаралардың да маңызы арта түсті.
Сонымен қатар, бүгін кей адамдар комсомол күнін еске алып, атап өтеді. Бұл күні 1918 жылы бірінші бүкілресейлік жұмысшы және шаруа жастарының съезінде Ресей коммунистік жастар одағы құрылды. 1926 жылы ол бүкілодақтық ұйымға айналды.
29 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1863 жылы Швейцарияда Халықаралық қызыл крест ұйымының негізі қаланды;
1947 жылы тұңғыш рет жасанды жаңбыр жаудыру үшін құрғақ мұз пайдаланылды;
1971 жылы медицинада физиотерапия пайдаланыла бастады (әлсіз электр тоғы арқылы сынған сүйекті емдеу)
29 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1919 жылы 5-ші Қызыл Армияның бөлімі "Петропавл операциясын" жүргізді, нәтижесінде Петропавл қаласы Колчак әскерінен азат етілді;
1949 жылы Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауыты құрылды;
1999 жылы Алматыда орыстың ұлы ақыны Александру Пушкинге ескерткіш қойылды;
2015 жылы Ақтөбеде құлағы нашар еститін адамдар үшін Қазақстандағы алғашқы видеодиспетчерлік қызмет іске қосылды.
29 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар
1947 жылы америкалық актер Ричард Дрейфус дүниеге келді;
1961 жылы кеңес және ресейлік режиссер, актер, продюсер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Денис Евстигнеев дүниеге келді;
1964 жылы кеңестік театр және кино актері Владимир Виноградов дүниеге келді (Фильмдері: "Гардемарины вперед", "Господа офицеры: Спасти императора").
29 қазанда Қазақстанда кім туды
1896 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының екі дүркін лауреаты Максим Зверев дүниеге келді;
1923 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мұзафар Әлімбаев дүниеге келді;
1925 жылы педагог, КСРО-ның халық мұғалімі, КСРО-ның халық ағарту ісінің үздігі Құмаш Нұрғалиев дүниеге келді;
1954 жылы генерал-лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, Ауған соғысына қатысушы Руслан Аушев дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Шаян белгісінде орналасады. Бүгін өзіңіздің кемшіліктеріңізбен жұмыс істеу үшін таптырмас уақыт, әсіресе егер ішіңіз тар және сараң болсаңыз. Істеген істеріңізді сарапқа салып, дұрыс қорытынды жасаңыз. Айналаңыздағы адамдарға іштегіңізді ашып, нағыз достар табуға жақсы мүмкіндік болады.