Спорт

"Астана" Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды

Футбол клубы чемпионат аяқталғанға дейін төрт матч қалғанда Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды
Sputnik

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. "Астана" футбол клубы бесінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

"Астана" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

ФК сайты хабарлағандай, Премьер-Лиганың 31-туры аясында "Қайрат" өз алаңында павлодарлық "Ертістен" жеңіліп қалды, осыдан кейін "Астананы" енді ешқандай команда басып оза алмайтыны белгілі болды. 

Осылайша, астаналық клуб чемпионат аяқталғанға дейін төрт матч қалғанда Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы Премьер-Лиганың алтынын бесінші рет қатарынан жеңіп, рекорд орнатты. Бұдан бұрын бірде-бір қазақстандық футбол командасы қатарынан бес маусым үздік бола алмаған.  

Сондай-ақ, елордалық клуб титулдар саны бойынша Қазақстандағы ең үздік клубтардың тізіміне енді.