АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер "Астанадағы мейрамханада мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларының ұсталу фактісі тіркелді ме?" деп сұрады брифинг барысында.
"Иә, ондай дерек болды", — деп қысқа қайырды Бастарова.
Бірақ ол қанша адамның ұсталғанын нақтылаған жоқ.
"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Қосымша мәлімет болса хабарлаймыз", — деді ресми өкіл.