АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Жуырда Астана қаласында кобрендингтік карталарды іске қосу жоспарланып отыр. Яғни банк картасына көліктік чип орнатылып, жолаушы сол банк картасымен жол ақысын төлейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласында жолаушылардың 91%-і көлік картасын қолданады. Бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығарып, тасымалдаушылардың табыстылығын 15%-ке арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Сараланған тариф іске қосылған бір айдың ішінде көлік картасын 500 мыңнан астам адам қолданған. Ал қолма-қол ақшамен жолақысын төлеу пайызы төмендеген. Дәлірек айтсақ, күн сайын 50 мыңға жуық адамға қағаз билет беріледі.
Жақында кобрендингтік карталарды іске қосу жоспарланып отыр. Банк картасына арнайы чип орнатылып, жолаушы сол банк картасымен жолақысын төлейтін болады. Бастапқыда жоба аясында алғашқы 3 мың карта Еуразия банкімен бірлесіп шығарылады.
Тағы оқыңыз: Астанада көлік картасын толтырудың жаңа тәсілі пайда болды
Мұнымен қатар, жолақысын төлеудің басқа да тәсілдері енгізіледі. Яғни алдағы уақытта жолаушылар жолақысын банк картасын автобустағы валидаторға тигізу арқылы төлейді.