АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов визасының мерзімі өтіп кеткен Конго азаматы Моника Камукенж Камганза мен үш айлық қызына көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз",- деп қысқа жауап берді Қасымов журналистердің сұрағына.
Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатына Моника Қазақстаннан ешқайда кеткісі келмейтінін айтқан еді.
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйел өмірі қалай өзгергенін айтып берді