Қоғам

Ақшаны білдіртпей тыққан – ирандық әйел Астана тұрғындарын сан соқтырып кетті

Полиция шетелдік әйелдің алаяқтығынан зардап шеккендерді іздеп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Иран азаматшасы қазақстандық кассирлерді алдап, екі жүз мың теңгедей ақша ұрлаған.

Дүйсенбі күні әйел адам елорданың бірнеше ірі сауда орталықтары мен қонақүйлердің қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Ирандық әйел он немесе жиырма мың теңгені ұсақтап беруді өтінген, бірақ кесек ақшаны кассадағы қызметкердің қолына бермейді. Ұсақ банкноттарды ұсынған кезде, әуелі санай бастайды екен.

Кассирді алдаусыратқан ақшаның біразын қолына жасырып, кейін кесек купюраны ұсақтамайтын болып шешіп, тез кетіп қалып отырған.

Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты
Елорда полицейлері 37 жастағы Иран тұрғынын сейсенбі күні ұстады. Шетелдік азаматша қылмысын мойындады.

Белгілі болғандай, әйел Қазақстанға турист ретінде келіп, қонақүйлердің бірінде тұрып жатыр екен.

Қазір Қазақстанның Қылмыстық кодексі 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу басталды. Ирандық әйел уақытша ұстау абақтысында отыр.

Тәртіп сақшылары шетелдік әйелге алданып қалған қала тұрғындарынан департаментіне хабарласуды сұрайды: 

8 (7172) 71 60 69, 71 60 24, ұялы телефон: 8 702 555 93 23 немесе 102.

Тағы оқыңыз: