Спорт

Нурмагомедовке қандай жаза қолданылғаны белгілі болды

Хабиб Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгені үшін гонорардың тек жартысы төленеді
Sputnik

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Лас-Вегаста Хабиб Нурмагомедов – Конор Макгрегор жекпе-жегінен кейінгі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша Невада штаты спорт комиссиясының (NSAC) алғашқы тыңдауы өтті.

Нурмагомедов қазақстандық төрешілерді сотқа бермек

Sports.kz ESPN басылымының аралас жекпе-жек саласындағы белгілі журналисі Ариэль Хельваниге сілтеме жасап хабарлағанындай, комиссия Нурмагомедовке гонорар ретінде 1 миллион доллар (2 миллион доллардан) төлеуге шешім қабылдады. Қаржының екінші жартысы тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін бұғаттала тұрады. Ол шешім желтоқсанда қабылданады деп болжануда.

Естеріңізге сала кетейік, екі спортшы да 10 желтоқсанға дейін рингтен шеттетілді. Макгрегордың ресми гонорары (3 миллион доллар) толық көлемде төленді.

Нурмагомедов — Макгрегор жекпе-жегі  6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-де өтті. Төртінші раундта Хабиб тұншықтыру әдісімен жеңіске жете салысымен, жаппай төбелес басталып кетті. Алдымен Нурмагомедов сегіз бұрыштың торынан секіріп түсіп, Макгрегордың спарринг серіктесі Диллон Дениспен жұдырықтасты. Осы кезде Макгрегор тордың ішінде Хабибтің бауыры Абубакарды соққыға жықты, ал кейін ирландиялыққа Зубайра Тухугов пен Эседулла Эмирагаев шабуыл жасады.