Әлем

Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты

Ауа температурасы төмендегенде қан тамырлары тарылатындықтан, жүрекке оттегі аз түседі
Sputnik

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. JAMA Cardiolgy журналында жарияланған швед ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, Цельсий бойынша нөлден төмен ауа температурасы жүрек талмасы тәуекелін арттырады.

Ғалымдар көздің көрмей қалуынан сақтайтын тағам түрлерін атады

Олар ұлттық реестрден 1998-2013 жылдары миокард инфарктісі диагнозы қойылған 274 мың швед азаматының деректерін зерттеді. 50-ден 89-ға дейінгі жас шамасындағы адамдар бақылауға алынды. Нәтижесінде нөлден төмен температура кезінде жүрек талмасы он пайызға көбейетіні анықталды. 

Әсіресе бұл аурудың ең қауіпті түрі – ST сегменті жоғары болатын миокард инфарктісіне шалдыққан науқастарда айқын байқалды.

Ғалымдар жүрек ауруларының туындау жиілігі мен нашар экология арасындағы байланысты табу үшін ауаның ластану деңгейін ескере отырып, алынған деректерді түзетті, бірақ олардың айтуынша, суық бәрібір шешуші фактор болып шыққан. Өйткені төмен температура кезінде қан тамырлары тарылатындықтан, жүрекке оттегі аз түседі екен.

Сонымен қатар, қыста адамдар суық тиіп, тұмауға жиі шалдығады, ал ол жүрек талмасы қаупін арттыруы мүмкін, деп жазды зерттеушілер.

Бұдан бөлек, ғалымдар ауа температурасы нөлден үш-төрт градусқа дейін көтерілгенде, жүрек ауруларының пайда болу жиілігі төмендегенін анықтады.