Әлем

Әйел қансырап жатқан күйеуімен бірге селфи жасап, таныстарына жіберген

Тұрмыстық жанжал кезінде әйелі күйеуіне пышақ сұғыпты
Sputnik

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Сургут тұрғыны қансырап жатқан күйеуімен бірге селфи жасаған. Тұрмыстық жанжал кезінде оған пышақ сұғып алыпты. Фотоға түскен соң, суретті таныстарына жолдаған, деп жазады Znak.com.

Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты

Қанды оқиға 24 қараша сәрсенбі күні болды, деп хабарлайды Ханты-Мансийск автономды округы бойынша ІІМ басқармасының баспасөз қызметі. Күйеуі әйелді тұншықтырып жатқанда, ол пышақ сұқса керек.

Жарақат алған ер адам қазір ауруханада. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол кетпейтіні туралы қолхат беріп, қамаудан босатылды.

Ер адам қоғамдық орындарда мас болып жүргені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, учаскелік полицейдің тіркеуінде болған екен.