Қоғам

Қазақстанда жазасын өтеушілер түрмеге Геннадий Головкинді шақыруды сұрады

Ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов пен джиу-джитсудан спорт шебері Гүлжан Нақыпова жазасын өтеушілерге жарыстарға қалай дайындалатынын айтты
Sputnik

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов пен джиу-джитсудан әлем чемпионатының қола жүлдегері Гүлжан Нақыпова жазасын өтеушілермен кездесті.   

 Танымал спортшылар 166/5 түрмесінде отырған жазасын өтеушілермен спорт туралы әңгімелесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

1 / 4
Танымал спортшылар сотталғандармен кездесті
2 / 4
Танымал спортшылар сотталғандармен кездесті
3 / 4
Танымал спортшылар сотталғандармен кездесті
4 / 4
Танымал спортшылар сотталғандармен кездесті

"Бұл кездесу жазасын өтеушілерге қолдау көрсетуге және осы қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіруге арналған. Бізде осындай жеті кездесу жоспарланған, ал танымал спортшылармен кездесу соның бірі. Сондай-ақ, жазасын өтеушілермен кескіндеме сабағын өткізу жоспарда бар. Қайрат Нұрдәулетов келер жексенбіде олармен бірге футбол ойнауға келісті", – деді "Астана жастары" КММ-нің директоры Үкібай Нұрпейісов.

Асанов сотталған құдағи мен мал бағу құқығынан айырылған бақташы туралы айтты

Оның айтуынша, жазасын өтеушілер келесі кездесуге Серік Сәпиев пен Геннадий Головкинді шақыруды сұраған. Оларды атақты споршылармен сөйлесу қызықтырады екен.   

"Кездесу барысында спортшылар жарыстарға қалай дайындалатынын және әлемдік жарыстарда Қазақстан атынан сайысқа түсудің жауапкершілігін айтты", — деп толықтырды Нұрпейісов. 

Гүлжан Нақыпова жазасын өтеушілерге әкімдік жақсы көңіл бөліп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, қоғам қайраткерлерімен кездесу оларға жігер береді. 

"Негізінен жазасын өтеушілерге арналған спорт секциялары ашылса жақсы, өйткені спорт адамның тек физикалық тұрғыда емес, рухани дамуына да ықпал етеді", – дейді спортшы.