Әлем

Римде футбол фанаттары бұзылған эскалаторға шайналып қала жаздады - видео

Римдегі метрода болған төтенше жағдайдан кейін 20 шақты адам ауруханаға түскен
Sputnik

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Римде "Репубблика" метро станциясында эскалатор бұзылып, 15 Ресей азаматы зардап шегіп, ауруханаға түсті.

РИА Новости хабарлағандай, төтенше оқиға сейсенбі күні кешкісін болыпты, бұзылған эскалаторда ресейлік футбол жанкүйерлері болған.

Зардап шеккендер "Рома" және ЦСКА клубтарының Чемпиондар лигасы аясындағы матчына кетіп бара жатқан еді.

Ресейдің Италиядағы елшілігінің мәліметі бойынша, Римнің алты ауруханасында 15 ресейлік жатыр, олардың үшеуі ауыр хәлде. Украинаның төрт азаматы да ауруханаға түскен.

1 / 3
Римдегі Repubblica метросында бұзылған эскалатор
2 / 3
Құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуде
3 / 3
Құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Римнің прокуратурасы эскалатордың бұзылуына қатысты іс бастады. Қаланың транспорт қызметі тексеріліп жатыр. Оқиға орнына Рим мэрі Вирджиния Раджи келіп, төтенше оқиғаның себебін анықтауға уәде берді.