Қоғам

Қазақ әншісі қаржы пирамидасын құрамын деп істі болып жатыр

Қаржы пирамидасының құрбандары әлеуметтік желілерде әртістен ақшаны қайтарып беруді талап етіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik.  Халық әні "Ақжайнақты" орындап жүрген Амангүл Орынбасарқызы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, әртіс осы жазда "Ақжайнақ" қаржы ұйымын құрған.

Төреғалиге қатысты шу: ұшақта болған оқиғаның мән-жайы анықталды

Әйел 20 мың теңгеден құйып, соңынан екі адам ертіп әкелген қазақстандықтарға ақшаны екі есе қылып қайтаруға уәде берген. Халықтың әлеуметтік осал топтары алаяқтықтың құрбаны болған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Полицейлер әртістің алаяқтық әрекетінің құрбаны болғандарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды. Тәртіп сақшылары қырағылық танытып, күмәнді ұйымдарға сенбеуге кеңес береді.

Желіде қолданушылар жағымсыз пікірлер қалдырып, әншіден ақшаны қайтаруды сұрап жатыр.