Дерекқор

Жүргізушілерге сақтандыру полисінің жоқтығы үшін айыппұл салынбайды

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін электронды форматта ресімдеуге болады
Sputnik

Ұлттық банк хабарлағандай, сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шартын электронды түрде жасап, сақтандыру полисін электронды форматта ресімдей алады. Міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрі бойынша электронды шарт жасасуға мүмкіндік туады.

1 қаңтардан бастап кімдердің ұялы телефоны жарамсыз болып қалады?

Көлік иесінің сақтандыру шарты бар-жоғын бірыңғай база арқылы білуге болады.

Осылайша, міндетті сақтандыру шарты бойынша қағаз полистің қажеті болмайды. Жүргізушілер әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисі қағазын көрсетуге міндетті емес. Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап қағаз түріндегі сақтандыру полисінің жоқтығы үшін 5 АЕК (2018 жылғы ахуал бойынша 12 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынбайды.

Бұл өзгерістер халық пен бизнес үшін сақтандыру бағасын арзандатып, сақтандыру төлемін алуды жеделдетеді, деп сенеді .

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

Қазір Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 612-бабында көрсетілгендей, көлік иесінің өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары  болуы тиіс.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ӘҚБК 612-бабы 1-бөліміндегі бірінші абзацтағы сақтандыру полисі туралы норма алынып тасталады.