АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Гималай аюының отбасына тап болған Қытай тұрғыны ажал аузынан қалды. Ересек аюдан қашқан ол жардан секіріп кетуге мәжбүр болған.
Қонжықтар ағаш басында жүрсе де, ересек аюлар ер адам оларға қауіп төндіреді деп шешіп, біреуі Хуацзян Танға тап береді.
Аюмен арпалыс бірнеше минутқа созылады. Сол кезде алып жыртқыш ер адамды үш рет жерге алып тұрып, Қытай тұрғыны қатты жарақат алады.
Аю аңшыны жеп қоя жаздады — видео
Ақыры аңның тырнағынан сытылған Хуацзян Тан аюмен жалғыз өзі арпалыса алмайтынын түсініп, өз-өзін құтқару үшін бес метр жардан секіріп кетуге бел буады. Жыртқыш соңынан ілеспепті, сөйтіп ер адам аман қалған.
Ауруханаға әрең жеткен қытай жігітіне бірден ота жасалды. Дәрігерлер ер адамның өмірлік маңызды органдарына ешқандай зақым келмегеніне қатты таңғалыпты.