АЛМАТЫ, 22 қазан — Sputnik. Алматы полициясы журналист Айгерім Мұсаеваның өліміне қатысты мән-жайды айтты. Жергілікті полиция департаменті хабарлағандай, журналистің денесі қазанның 20-сынан 21-іне қараған түні Түрксіб ауданындағы теміржолдан табылған.
Жанында төлқұжаты болмапты. Денесі сот-медициналық сараптама жасау үшін мәйітханаға жіберілді.
Бұдан бірнеше сағат бұрын 20 қазанда полицияға жас әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
"Алматы қаласы Алатау ауданы тұрғыны хабарласып, 2018 жылы 19 қазанда отбасылық жанжалдан кейін әйелі, 1991 жылы туған Мұсаева А., үйден кетіп қалып, сол беті оралмағанын айтты", — делінген полиция хабарламасында.
Мәйітті келіншектің туған ағасы таныды. Соңында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қалды.
Қазақстандық журналист өлі табылды
Оқиға тергеліп жатыр.
Қаза тапқан журналистің әріптестері пікір білдіруден бас тартты.