АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Алматы қаласы Әуезов ауданында ірі супермаркет өртенді.
Ғимараттың өртке оранғаны туралы хабар дүйсенбі күні сағат 06:56-да түседі. Оқиға орнына 66 өрт сөндіруші аттанып, 17 техника жұмылдырылды.
Өрттің мән-жайы туралы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады. Оның айтуынша, екі дүкен өртеніп, жалын кіреберісті шарпыған.
Өртену аумағы 70 шаршы метрді құрады. Өрт 07:29-де ауыздықталып, 07:38-те толығымен сөндірілді.
"Магнум" супермаркеті өртенді
© Photo : ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
ТЖК мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.