Саясат

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттері Сарыағашта кездесті

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті
Sputnik

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттері елдер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.  

 Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Шавкат Мирзиёев сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.