АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Бірыңғай ВТБ лигасы кезінде "Астана" командасы Санкт-Петербургтен келген "Зенит" командасын жеңді. Баскетболшылар матчтың алғашқы бөлігінде ұпай санымен тең келе жатқан-ды, деп хабарлайды Sports.kz.
Астана командасы Санкт-Петербургтен келген қонақтарды 87:64 есебімен ұтты. Қазақстандық баскетболшылар кездесудің үш бөлігін өз пайдаларына шешіп, біреуінде тең түсті. Келесіде "Астана" 4 наурыз күні Беларусь елінен келетін командамен ойнайды.
Отандық команданың құрамында Энтони Клеммонс есімді баскетболшы үздік ойын көрсетті. Сондай-ақ, Кеннет Хортон, Джей Джей О Брайан және Александр Жигулин есімді спортшылар бұл ойында үздік нәтижемен көзге түсті.